Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл қонды

0
470

Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіген.


Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл қонды

ERNUR.KZ. SCAT әуекомпаниясының ұшағы "Нұрсұлтан-Алматы" рейсін орындау кезінде құспен соғысып қалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Компанияның баспасөз қызметі DV 734 "Нұрсұлтан-Алматы" рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.

"Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті", - деді компаниядағылар.

Ұшақты тексерген соң онда құстың іздері анықталды.

"Ұшақ бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр", - деді SCAT өкілдері.