​Нұр-Сұлтанның 100 тұрғыны 1 млн теңгеден баспана сертификатын алды

0
864

Биыл тұрғын үй сертификаты үшін қала бюджетінен 1,5 млрд теңге қарастырылған.


​Нұр-Сұлтанның 100 тұрғыны 1 млн теңгеден баспана сертификатын алды

ERNUR.KZ. Бүгін елорда әкімдігінде 100 тұрғынға 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификатын беру шарасы өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елорда күні қарсаңында 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификатын табыс ету шарасын өткізуіміз - қуантарлық жайт. Бұл сома үш санаттағы, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары салаларының азаматтары үшін үлкен көмек. Бұл игі шара «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың басында бастау алған еді. Бағдарлама Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы жүзеге асырылады. Жылдың басында мұндай сертифтикатты 147 азамат алған еді. Енді, міне, бүгін тағы 100 адамға табыстап отырмыз», -деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимев.

Оның айтуынша, бүгін сертификат алған азаматтардың шамамен 90-ы бюджет қаласында, ал қалғандары денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.

«Олар - төлем қабілетін және тұрақты табысы бар екенін дәлелдеген адамдар. Бұл азаматтар үшін аталған сома бастапқы жарнаны төлеу үшін айтарлықтай көмек болады», - деді ол.

Айта кетерлігі, биыл тұрғын үй сертификаты үшін қала бюджетінен 1,5 млрд теңге қарастырылған.