​Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

0
2 365

​Елордада жаңа кезекші топтарын ашуға тыйым салынды, боулинг орталықтары мен компьютерлік клубтарға түн жарымына дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.


​Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елорда аумағында коронавирустың таралуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Айта кетейік, 10 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы қайтадан "қызыл" аймаққа енді. Екі қалада бір күнде 100-ден астам адамнан коронавирус анықталды.

Осылайша, құжатқа сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанында оқушылар оқу орындарына оралады, ал мектептер 300-ден аспайтын оқушыны қабылдай алады. Ал сыныптағы бала саны 15-тен көп болмауы қажет.

Жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары, 1-5 сынып оқушылары, халықаралық мектептерде 1-7 сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Сыныпта 25 бала оқуға рұқсат берілген.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтарда бала саны 25-тен аспайды.

Сондай-ақ, қаулыда елордада жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салынғаны айтылған. Жұмыс күндері балабақшалар 07.30-дан 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Ashyq қосымшасын енгізген компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтары 12.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді.

SPA орталық, SPA салон, сондай-ақ массаж орталықтары бір мезгілде үш адамнан артық қабылдамайды. Оларға жұмыс кестесін штаттық режимде орнатуға рұқсат берілген, келушілер алдын ала жазылуы керек.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.