Нұр-Сұлтанның көшелері арнайы сусабынмен жуылды

0
950

Коммуналдық қызметтердің сусабынды қолдануы жол сапасын жақсартып, жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырады.


Нұр-Сұлтанның  көшелері арнайы сусабынмен жуылды

ERNUR.KZ. Елорданың коммуналдық қызметтері көшелерді қысқы қалдықтардан тазарту үшін арнайы сусабынмен жуды. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Бүгін алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш затпен - жол жабынына арналған сусабынмен жууды бастадық. Бұл арқылы асфальтті қыста жиналып қалған көктайғаққа қарсы материалдардан, шина үгінділерінен, мұнай мен май қалдықтарынан тазартуға болады. Мұны жай сумен тазалау мүмкін емес. Ал бізге, жаңадан салынатын жол белгілері ұзақ сақталуы үшін көшелерді мұқият жуып шығу керек», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Жуғыш зат көлік дөңгелектерінің жолда таймауына, көлікті дер кезінде қауіпсіз тежеуге көмектеседі. Осылайша, коммуналдық қызметтердің осы сусабынды қолдануы жол сапасын жақсартып, жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырады.

«Жуғыш зат қоршаған ортаға, ағаштар мен өсімдіктерге зиян келтірмейді. Жолды қанша тазалау қажет болса, Нұр-Сұлтанның коммуналдық қызметтері соншалықты көбірек жұмыс істейді. Осылайша, қаламызға жазғы тазалық пен балғындық келеді», - деп жазды әкім.