Нұрлан Ермекбаев Қорғаныс министрі лауазымындағы өзінің міндеті туралы айтып берді

0
3 049

Қорғаныс министрлігінің басшылығына жақында ғана келген Нұрлан Ермекбаев аталмыш лауазымда қандай шаруаларды атқаратыны туралы айтып берді.


Нұрлан Ермекбаев Қорғаныс министрі лауазымындағы өзінің міндеті туралы айтып берді

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігінің басшылығына жақында ғана келген Нұрлан Ермекбаев аталмыш лауазымда қандай шаруаларды атқаратыны туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен азаматтық қорғаныс министрімін, әскери киімді әскери жаттығу кезінде киемін. Бұл өте жауапты әрі салмақты қызмет. Даярлықтың деңгейі жоғары. Оны ары қарай дамытатын боламыз. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету тұрғысынан шешілмеген мәселелер бар. Жалпы, Қарулы Күштердің даярлығы мен жұмысы өте дұрыс жолға қойылған. Ол сәтті дамып келеді. Аталмыш жұмысты жалғастыратын боламыз. Сабақтастық қағидаты сақталады. Басталған іс жалғасын табады», - деді Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген министр.

Жаңа министр сонымен бірге, қазақстандық армиядағы әлімжеттік туралы да ойымен бөлісті.

«Қарулы Күштердегі әлімжеттік сирек кездеседі. Бұрынғы уақыттан және басқа елдерден қарағанда сирек. Тәрбие жұмысы бұрынғыша жалғасын тауып, жарғыдан тыс қарым-қатынастар аз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын.