Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрі базаларының құрылысын жеделдетуді тапсырды

0
694

Аталмыш объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің Кешенді жоспарында қарастырылған.


Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрі базаларының құрылысын жеделдетуді тапсырды

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жауапты тұлғаларға оқ-дәрі сақтауға арналған екі базаның құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Аталмыш объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің Кешенді жоспарында қарастырылған. Объектілердің құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған. Сондай-ақ, күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Кешенді жоспарда қоймаларды елді мекендерден алшақтату, арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтардың, аудандардың шекараларын сақтау ескерілген», - делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы жарылыс бойынша өткен баспасөз мәслихатынан кейін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев БАҚ өкілдеріне отставкаға өтініш беруге дайын екенін айтқан болатын.

«Қазіргі уақытта басты мақсатым - апаттың салдарын тез арада жою. Ал сіздерді отставка мәселесі қызықтыратын болса, онда мен осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым. Мен отставкаға өтініш беремін, отсавкаға жіберуін сұраймын. Ал қалғанын жоғарғы басшылық шешеді», - деген еді министр.