«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер биыл сәуір айында енгізіледі — Ж. Қасымбек

0
1 119

​ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі Жол картасының өзінің бағыттарына қатысты шаралары туралы баяндады,- деп хабарлайы primeminister.kz


«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер биыл сәуір айында енгізіледі — Ж. Қасымбек

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі Жол картасының өзінің бағыттарына қатысты шаралары туралы баяндады,- деп хабарлайы primeminister.kz

Спикердің айтуынша, сәуір айында «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Олар тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тұрғын үй займдарын беру параметрлерін қайта қарауды қарастырады.

Сондай-ақ, жеке құрылыс салушыларға арналған құрылыс алаңдарын дайындау үшін тұрғын үйге қатысты инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыруды жыл сайын 80 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін арттыруды қарастыру ұсынылады.

Министрлік Президенттің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші бастамасы бойынша Жол картасының қосымша орындаушысы.

«Біз 2015 жылы бес климаттық шағын аудан бойынша 5, 7 және 9 қабатты жатақханалардың 104, 184 және 244 орынға арналған типтік жобаларын әзірледік», — деді Ж. Қасымбек.

Министрдің айтуынша, жобаларда бір орынды және екі орынды бөлмелер қарастырылған. Бір шаршы метрінің құны 138,4 мың теңгеден 150,9 мың теңгеге дейін болады. Білім және ғылым министрлігіне қажетті құжаттар ұсынылады.

ҚР ИДМ-ге Жол картасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бастамасы бойынша «Сарыарқа» магистральді газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысына шілдеде ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысын беру тармағы жүктелді.

«Жалпы, Жобалық-сметалық құжаттама белгіленген мерзімнен бұрын енгізілсе, тез арада қарап, тиісті қорытындысын шығаруға дайынбыз», — деп түйіндеді Ж. Қасымбек.