Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты болды

0
373

Ол Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланған Қанат Мусиннің орнын басты.


Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты болды

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясының Саяси кеңес бюросының қаулысымен партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутатының мандаты мерзімінен бұрын шығарылған Қанат Мусиннің орнына Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Нұрлыбек Ожаев әр жылдары Атырау әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облысы Исатай ауданының әкімі, Атырау қаласының әкімі, Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды. Оның Мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.