​Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын - Кәрім Мәсімов

0
981

Кәрім Мәсімов 2003-2006 жылдар арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған.


​Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын - Кәрім Мәсімов
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

«Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын, оны «Елбасы көмекшінің көзімен» деп атаймын», - деді Мәсімов. Оның айтуынша, кітап қызықты болмақ. «Парақтары «жабық» қызық кітап болады», - деді ҰҚК басшысы.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып 2016 жылы 8 қыркүйекте тағайындалған болатын.

Кәрім Мәсімов 2003-2006 жылдар арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған, Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Екі рет елдің премьер-министрі (2007-2012 және 2014-2016 жылдары) болды, сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде жұмыс істеді.

Ол премьер-министрдің қызметінде болғанына қарамастан өзін президенттің көмекшісімін деп бірнеше рет айтқан болатын.

«2007 жылы қаңтарда, Нұрсұлтан Әбішұлы, мені алғаш рет премьер-министр етіп тағайындадыңыз. Сол кезде қандай қызметте болсам да, сіздің адал көмекшіңіз боламын деп уәде берген едім. Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін қайта айтқым келіп тұр: мен әлі де сіздің көмекшіңізбін, әлі де шәкіртіңізбін. Қазақстанды дамыту бойынша үлкен істерді жүзеге асыруға менің де қатысуыма мүмкіндік бергеніңізбен мақтанамын», - деген еді Мәсімов 2011 жылы.