Нұрсұлтан Назарбаев 10-20 жыл отырған ректорларды ауыстыру қажеттігін айтты

0
857

Елбасы Білім министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев 10-20 жыл отырған ректорларды ауыстыру қажеттігін айтты

ERNUR.KZ. «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев университеттерде 10-20 жыл отырған ректорларды ауыстыру қажеттігін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ректорлармен жұмыс істеу керек. Бірнеше жыл, 10-20 жылдан отырған ректорлар бар. Білім және ғылым министрі, соның бәрін қара. Қазір біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістік. Президент (ректорларды – авт) тағайындамайды. Үкімет бөліп.... жасайды. Жұмыс істейтін, балаларға жаны ашитын, білім беретін адамдарды қалдыру керек. Ол кезде барлығы саған шығады, «Ойбай ананы сөйт, мынаны бүйт» дейтіндер шығады», - деді Елбасы Білім министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.