​Нұрсұлтан Назарбаев 12 жыл бойы салынған Щуче-Бурабайдағы шаңғы трамплинін ашты

0
1 667

Түркістан – өз алдына бөлек тақырып, Түркістан қаласы салынып, қарқынды түрде дамитын болады, жақсы туристік орталық саламыз.


​Нұрсұлтан Назарбаев 12 жыл бойы салынған Щуче-Бурабайдағы шаңғы трамплинін ашты

ERNUR.KZ.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Щуче-Бурабай курорттық аймағындағы шаңғы трамплинін ашты. Трамплин 12 жылдан астам уақыт бойы тұрғызылған, деп жазады Today.kz.

Кешен Щучедегі "Бурабай" халықаралық шаңғы базасының аумағында орналасқан. Мемлекет басшысына қазақстандық шаңғышылар жаттығатын нысандар таныстырылды. 11 шілдеде трамплиннен секіру спортының мықтылары өз өнерлерін көрсетті.

"Астананың қасындағы Бурабай курорты маңызды, өйткені бұл жердің дамуға мүмкіндігі бар. Мен айтып жатқандар үкімет бағдарламасына енуі керек. Топ-10 алдыңғы жоспарда, әрі қарай жұмыс істей береміз. Бурабай ақша таба алады, адамдарға қуаныш әкеліп, мемлекетке бізде демалатын туристер арқылы табыс құя алады. Бұл біз қолымызға алатын еліміздегі жалғыз орын емес. Щуче-Бурабай курорттық аймағын қараңыз. Екіншісі – Имантау-Шалқар курорттық аймағы, Павлодар облысындағы Баянауыл аймағы, Түркістан – өз алдына бөлек тақырып, Түркістан қаласы салынып, қарқынды түрде дамитын болады, жақсы туристік орталық саламыз. Ол қазір де бар: бұл қаланы 100 мың турист келіп көрген. Егер біз қажетті инфрақұрылымды салатын болсақ, бұл санды екі еселеуге болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Алматы облысындағы Шарын шатқалына қатысты да пікір білдірді.

"Өз арамызда да көпшілік біле бермейді, шетелдіктер Шарын шатқалы Солтүстік Америкадағы ұлы шатқалдан үлкен екенін айтып жатыр. Ол жақта болғандар өте ғаламат әсерге бөленеді, сондықтан ол қарқынды дамуы тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

"Өздеріңіз білетіндей, мен Алакөлде болдым. Бұл Балқаш жағалауындағы бірегей курорттық аймақ. Біз енді-енді іске кірістік. Автокөлік, теміржол жақындап келеді, адамдар ұшып келуі үшін Үшаралда әуежайды дамытуымыз керек. Алакөл теңізі, мен солай атаймын, шомылу режимінде жылына 95 күн жұмыс істейді. Шомылу кезеңінде қай курорт осынша уақыт жұмыс істейтінін айтып беріңіздерші. Түркияда да осынша уақыт жұмыс істемейді. Каспий жағалауы да өзгеше жайт, бұл жерде де өзгеше жұмыс істеу керек", – деп қорытты сөзін Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің есебін тыңдады. Ол Мемлекет басшысына туризм мен спорттың дамуы мен салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы "Бурабай курорттық аймағындағы туризмнің дамуы" атты жобамен танысып, Щуче-Бурабай курорттық аймағындағы туристік нысандарды аралады.

Естеріңізге сала кетейік, Щучедегі шаңғы спорты республикалық базасының құрылысы 2005 жылы басталған болатын. Басында нысанның құны 9 миллиард 346 миллион теңгені құрады. Нысан 2008 жылы салынып бітуі тиіс еді. 2017 жылы ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорттық нысанды 2018 жылдың мамырында ашуға уәде берді.