Нұрсұлтан ​Назарбаев Байденді құттықтады

0
824

Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.


Нұрсұлтан ​Назарбаев Байденді құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.

Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.