Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

0
801

Кадрлық ауыс-түйіс еліміздің қауіпсіздік саласында болды.


Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қазақстанның бұрынғы президенті, қазір Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар кадарларды ауыстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Назарбаевтың шешімімен Тимур Тәшімбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, Қайыргелді Есенеев Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі, Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ал Назарбаевтың шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен, Андрей Калинин Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.