Нұрсұлтан Назарбаев елордада ауызашар берді

0
1 126

Елбасы барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады.


Нұрсұлтан Назарбаев елордада ауызашар берді

ERNUR.KZ. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Елбасы ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады»,-делінген жазбада.