Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды құттықтады

0
1 335

​Бүгін, екінші сәуір – Рамазан айының бірінші күні


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды құттықтады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша азаматты Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

"Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз", - деді Елбасы.
Назарбаев қазақстандықтарға зор денсаулық, рухани күш-қуат пен бақ-береке тіледі.
Еске салсақ, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні.
Пітір садақа мөлшері – 500 теңге.
ҚМДБ жанынан оразаға қатысты сұрақтарға тәулік бойы жауап беретін Діни ақпарат беру орталығы ашылды. Орталық нөмірі – 33-30-30. Оған Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады.
Биылғы Ораза кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.