Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті

0
1 112

Қытай дипломаты Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы сәуірде Бейжің қаласында өтетін «Бір белдеу, бір жол» атты ІІ халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізді.​


Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп жазады Ақорда баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қытай дипломаты Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы сәуірде Бейжің қаласында өтетін «Бір белдеу, бір жол» атты ІІ халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізді.