Нұрсұлтан Назарбаев Талғат Мұхтаровты қызметінен босатты

0
863

Талғат Мұхтаров 1966 жылы 5 наурызда Теміртау қаласында дүниеге келген.


Нұрсұлтан Назарбаев Талғат Мұхтаровты қызметінен босатты

фото: ашықдереккөзден

Талғат Мұхтаров Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасы баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібайдың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - деп жазады баспасөз қызметінің жетекшісі.