​Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
1 593

Ақорда төріне қатысқандар жоғары марапат пен мәртебелі атаққа ие болды.


​Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік күнімен құттықтады

ERNUR.KZ. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты, деп жазады Baq.kz.

«Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Бұл егемен елімізді дүниежүзіне танытып, бар жақсылықтың бастауы болған қазақ үшін қасиетті мейрам. Біз 27 жыл бұрын азаттық жалауын желбіретіп, береке-бірлігіміздің арқасында мерейлі мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздіктің символына айналған Астананың 20 жылдық мерейтойын абыроймен атап өттік», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев игі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында ерен еңбегімен дараланған ел азаматтарына қошемет көрсетілетінін атап өтті.

«Сіздер осындай мерекелі сәтті жоғары марапат пен мәртебелі атаққа ие болдыңыздар. Әрқайсыңыз көпшіліктің құрметіне бөленіп, өнегелі істеріңізбен жаңа Қазақстанды жаңғыртуға ат салысып жұмыс істедіңіздер, сондықтан Ақорда төріне жиналған баршаңыз үшін бүгін ерекше мерейлі күн деп санаймыз», - деді Елбасы.