Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады

0
1 938

Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.


Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Б.Сапарбаевқа «Қамқорлық» бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.