Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
фото: time.kz
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жемқорлықпен күресті жалғастыру керек. Екі жылда 2200 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде министрлер, бүкіл деңгейдегі әкімдер, ведомство басшылары бар", — деді Назарбаев.
Ол қазір сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "Қазавтожол" бас директорына қатысты қылмыс іс қаралып жатқанын атап өтті.
"Шындығын айтқанда, экс-министр Қуандық Бишімбаевты мен өте аяймын. "Болашақ" арқылы оқыттық, оған үлкен сенім арттық. Енді осылай болып отыр. Адамдарды дайындауға қаншама уақыт, ақша жұмсадық. Әрине, өкінішті", — деді Назарбаев.