Нұрсұлтандықтар сайлау күні қоғамдық көлікте тегін жүре алады

0
1 008

Алайда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған.


Нұрсұлтандықтар сайлау күні қоғамдық көлікте тегін жүре алады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 9 маусым күні қоғамдық көлікпен тегін жүре алады, деп жазады holanews.kz.

"Елдің жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді" акциясы аясында қалалық және экспресс бағыттағы автобустың бәрімен тегін жүруге болады. Алайда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған", - деп жазылған хабарламада.

Жексенбі, 9 маусым күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейтін болады.