​Нығматулин: Медициналық қызметтердің сапасын қоғам бағалау керек

0
1 175

Ең алдымен, медициналық көмекті сапалы ұйымдастыру керек.


​Нығматулин: Медициналық қызметтердің сапасын қоғам бағалау керек

Мәжілістің пленарлық отырысында Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен бірінші оқылымда бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру сынды заңнамалық түзетулер қарастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске түзетулер енгізуді көздейді. Оған сәйкес, азаматтардың медициналық көмектің деңгейіне және сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдарға беру ұсынылады.

Мәжіліс спикері, түзетуді қолдай отырып, былай деді:

Азаматтық қоғам институттары халықтың көңілін, ойын бағалайтын болса, дұрыс болар. Себебі министрліктің басқа да мәселелерге назар аударуы қажет. Ең алдымен, медициналық көмекті сапалы ұйымдастыру керек.

Сонымен бірге Н.Нығматулин үкіметтік емес ұйымдардың көмегі Денсаулық сақтау министрлігіне анда-санда туындайтын әр түрлі жағдайларға жылдам әрекет етуіне көмектесетінін атап өтті.