Нью-Йорк полицейі қаза болған атыраулық әріптесінің құрметіне қара киім киді

0
1 043

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов траурлы киім киіп, атыраулық әріптесін еске алды.


Нью-Йорк полицейі қаза болған атыраулық әріптесінің құрметіне қара киім киді

ERNUR.KZ. Бұл Димаштың өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқару кезінде қаза болған Шалқар Ақымғалиевке деген құрметі, деп жазады Stan.kz.

"Дәстүр бойынша және патрульдік ережеге сәйкес, біз жерлеуге дейін траулы киім киіп жүруіміз керек. Бұл марқұм офицерге деген құрмет. Шалқар Қазақстанда қаза болғанына қарамастан, мен өз құрметімді білдіргім келеді. Мен құрмет киімін оның туған күніне деін киіп жүрем. Біз бұл қайғылы хабарды естіп, мұңайып отырмыз. Оның мемориалы үшін қаражат жинап жатырмын", - деп жазды Димаш желідегі парақшасында.