Нью-Йорктегі біржыныстылар шеруіне Қазақстан туын алып шықты

0
2 252

Дәстүрлі парадқа қазақтың байрағын алып шыққан біржыныстылардың әрекетінің алдын қалай аламыз?


Нью-Йорктегі біржыныстылар шеруіне Қазақстан туын алып шықты

ERNUR.KZ. 30-маусымда Нью-Йоркте әлемнің күллі елінен біржыныстылар жиналып, 4 жылда бір рет болатын Дүниежүзілік гей-парад өтті, деп жазады Qamshy.kz.

АҚШ-та алғаш рет әлемдік деңгейдегі гей-парад өтті. Бұл іс-шара біржыныстылардың өз құқықтары үшін күресуінің 50 жылдық мерейтойына арналды.⠀

Сол кезде, көп жыл бұрын, шеру Нью-Йоркте "Стоунволл" барында басталды. Содан кейін акциялар әлемнің әр бұрышында өтті.

Бұл шеру, шерудің онлайн-көрсетілімі 4 миллионнан астам адамды қамтыды. ⠀

Нью-Йорктегі гей-парадтағы ТМД елдері өкілдерінің орыс тілді колоннасы мемлекеттік ту астына стильденген айтарлықтай көлемді плакатты өрістетіп, Қазақстанды жеке бөліп көрсетті.

"Біз бәріміз бір күннің астында тұрамыз", - деген ұранды қолданды демонстранттар.

Қазақстан туының шеруде көрініс бергені кездейсоқтық емес. Өйткені, ЛГБТ-босқындар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында тұр. Сонымен қатар, АҚШ-та елдегі біржыныстылардың жағдайы жиі талқылануда.