​Облыстық білім басқармасына жаңа басшы келді

0
1 909

Енді аталған ведомствоның басшысы міндетін Құсайын Кәткенов атқарады.


​Облыстық білім басқармасына жаңа басшы келді

ERNUR.KZ. Қостанай облыстық білім басқармасына жаңа басшы келді, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін педагогтардың тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Енді аталған ведомствоның басшысы міндетін Құсайын Кәткенов атқарады.

«Бүгінгі тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының жаңа басшысы Кәткенов Құсайын Амангелдіұлын тағайындаймын. Егер ол осы оқу жылының бірінші тоқсанында жүктелген тапсырмаларды орындаса, онда басшы етіп бекітеміз», - деді өңір басшысы. Айта кетейік, К.Кәткенов бұған дейін Қарағанды облыстық білім басқармасында жұмыс істеген.