"Өкінеміз": Қарағандыда перзентхана басшылығы еденде босанып қалған әйелден кешірім сұрады

0
1 105

Перзентхана еденінде жатып босанған келіншектің оқиғасы желіде шу тудырған.


ERNUR.KZ. Қарағандыда перзентхананың еденінде босанып қалған әйелден перинаталдық орталық басшылығы кешірім сұрады. Перзентхана директоры кінәлілердің әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Перзентхананың еденінде жатып босандым деген Мақпал Оразованың оқиғасы желіде шу тудырғаннан кейін перинаталдық орталықта қызметтік тергеу жүргізілген.

Соның барысында перзентхана қызметкерлерінің босанушы әйелдің бұған дейін де жылдам босанғаны туралы ескертуі мен шағымдарын елемей, оны палатаға жатқызып, бақылаудың орнына, дәлізде жүруіне мүмкіндік бергені анықталды.

«Мұндай деректің болғанын растаймыз. Оның, туыстарының алдында кешірім сұраймыз. Осылай болғаны үшін өкінеміз», - дейді «Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталықтың» директоры Татьяна Юзик.

Сонымен қатар перзентхана директоры кінәлілердің әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылатынын айтты.

Еске сала кетсек, Қарағандыда жүкті әйел перзентхананың еденінде босанып қалып, перзентхана дәрігері мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсіндірген болатын.