Оқулықтардың салмағына қатысты гигиеналық талаптар бекітілді

0
622

Құжатта оқушы арқалайтын бір оқулықтың салмағына қатысты нақты норма көрсетілген.


Оқулықтардың салмағына қатысты гигиеналық талаптар бекітілді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығы бойынша оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Құжатта оқушы арқалайтын бір оқулықтың салмағына қатысты нақты норма көрсетілген. Ол бойынша:

1-4 сынып оқулықтары 300 грамнан;

5-6 сыныптар үшін 400 грамнан;

7-9 сыныптар үшін 500 грамнан;

10-11(12) сыныптар үшін 600 грамнан аспауы керек.

Бұйрықта оқулық салмағын аталған нормадан 10% арттыруға ғана жол берілетіні айтылған.

Оқулық салмағынан бөлек кітап басылатын қағазға, баспа сапасына, пайдаланылатын қаріптерге (шрифт – ред) қойылатын талаптар нақты көрсетілген.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Бұйрық 2021 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қолданысқа енеді.