​Оқушы балақаймен жерге жата қалып суретке түскен Сапарбаевқа ел сүйсінді

0
3 317

Желі қолданушылары облыс әкімінің қарапайымдылығына тәнті болған.


​Оқушы балақаймен жерге жата қалып суретке түскен Сапарбаевқа ел сүйсінді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасөспіріммен жерге жатқан бойда суретке түсіп, көптің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары облыс әкімінің қарапайымдылығына тәнті болған, деп жазады NUR.KZ.

"Исаконның әңгімесінен: Әкім мені жерге құлатып жіберді. Өзі де жерге жатып алды. "Кел екеуміз бірге жатамыз" деді. Атымды, сабағымды сұрады. Жауап бердім. Менен басқа балалар да әкімнің қасына жинала қалды. Бәріміз суретке түстік" деп жазған автор.

Желі қолданушылары облыс басшысының қарапайымдылығына тәнті болған.

Олар "Осы кісіні жақсы көремін, қарапайым, керемет бір жылулық сезіледі", "Неткен тамаша адам" деген пікірлерін жаудырып жатыр.