Оқушылар екінші тоқсанда мектепте оқиды ма - Цой жауап берді

0
1 200

Министрдің орынбасары коронавирус тіркелген мектептерді толығымен қашықтан оқытуға көшіру қарастырылып жатқан-жатпағаны жайлы да айтты.


Оқушылар екінші тоқсанда мектепте оқиды ма - Цой жауап берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балалардың мектепке қашан барып оқитыны жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.


"Қазіргі таңда біз бұл мәселені қарастырып отырмыз. Дегенмен оқушылар мектепке келгенде коронавирусты жұқтырып жатады. Онлайн балалар оқытуда бүгінде қауіпсіз болып отыр. Алдағы уақытта екінші тоқсанда мектеп оқушылары қалай білім алатынын айтатын боламыз", - деді Цой.


Бұған қоса министрдің орынбасары Ажар Ғиният коронавирус тіркелген мектептерді толығымен қашықтан оқытуға көшіру қарастырылып жатқан-жатпағаны жайлы сөз қозғады.


"Бұл мәселе бірінші тоқса аяқталып, балалар каникулдан сабақ оқуға қайта шыққанан кейін қарастырылады. Міндетті түрде мемлекеттегі эпиджағдай ескеріледі", - деді вице-министр.