Оқушылар мен студенттерге электронды цифрлық қолтаңба беріле бастады

0
1 206

"Әр студентке электронды цифрлық қолтаңба» акциясы облыстың барлық 24 оқу орнында өткізіледі. Шара барысында облыстың 17 мың студенті мен оқыушылары электронды цифрлық қолтаңба алады.


Оқушылар мен студенттерге электронды цифрлық қолтаңба беріле бастады

ERNUR.KZ. СҚО-да Жастар жылы аясында «Әр адамға электронды цифрлық қолтаңба» акциясы өтіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Биыл көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 80 пайызы, ал 2020 жылы 90 пайызы электронды форматқа өтуі тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында осындай тапсырма берген еді. Ол үшін ең алдымен әр азаматта өзінің электронды цифрлық қолтаңбасы болуы керек. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО департаменті республикада бірінші болып облыс колледждерінде арнайы акция бастады.

"Әр студентке электронды цифрлық қолтаңба» акциясы облыстың барлық 24 оқу орнында өткізіледі. Шара барысында облыстың 17 мың студенті мен оқыушылары электронды цифрлық қолтаңба алады.

Бизнесті тіркеу, салық және айыппұлдарды төлеу, баланы балабақша кезегіне қою және тағы басқа қызметтерді 2008 жылдан бері E-gov порталы арқылы алуға болады. Алайда цифрлық қолтаңбаның жоқтығынан ыңғайлы электронды қызметті бәрі бірдей пайдалана алмайды. Осы кемшілікті жою мақсатында 2017 жылы білім басқармасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы келісімге қол қойып, жастарды арнайы курстарда оқыта бастады.

«Жастарды E-gov порталын пайдалануды үйретеміз. Кейін олар туған-туысқандарын, достарын интернет арқылы қажетті анықтамалар мен белгілі бір құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, өздері үйретеді. Бұл азаматтардың уақытын үнемдейді, цифрлық сауаттылықты арттырады», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО департаментінің бас маманы Индира Бәженова.

Жалпы 2017 жылдан бері келісім аясында өңірдің 6,5 мың мектеп мұғалімі мен колледж оқытушысы және 12 мың оқушы мен студент электрондық қызмет алу бойынша курстардан өтті. Ал мемлекеттік қызметті әр студент оқу орнынан шықпай-ақ ала алады, өйткені өңірдің барлық колледждері мен университетте Студенттерге қызмет көрсету орталықтары мен өзіне өзі қызмет көрсету секторлары ашылған.