​Оқушыларды тонап келген қылмыстық топ құрықталды

0
1 258

Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім.


​Оқушыларды тонап келген қылмыстық топ құрықталды

сурет:inform.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысында оқушыларды тонады деген күдікпен үш адам ұсталды. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, үш жігіт соңғы екі айдан бері оқушылардың қымбат ұялы телефондарын, ақшаларын тартып алып отырған. Оқиға Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында болған.

«Ұсталғандар әзірге екі тонау және бір қарақшылық фактісін жасады деп тергелуде. Олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдіктілердің екеуі кәмелеттік жасқа толғандықтан, олар уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында. Аталмыш фактіге орай ҚР ҚК-нің 191 («Тонау») және 192-інші («Қарақшылық») баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүруде.