​Оқушыларға арналған байқау: жеңімпаз Ұлыбританияға барады

0
1 339

Көлік саласында креативті бастамаң бар ма, конкурсқа қатыс.


​Оқушыларға арналған байқау: жеңімпаз Ұлыбританияға барады

ERNUR.KZ.Қазақстандық оқушылар үшін биыл осындай арнайы байқау ұйымдастырылды. Оған 16 мен 18 жас аралығындағы кез келген оқушы қатыса алады, деп жазады 24.kz.

Яғни әр облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда командалар құрылып, іріктеу сынында өз жобаларын таныстырады. Ал тамыз айының соңында финалға жолдама алғандар сынға түседі. Жарыс жеңімпаздары Ұлыбританиядағы Крэнфилд университетіне баруға мүмкіндік алады.

Айдын Артықова, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК департаментінің басшысы:

- Онда қандай тапсырмалар болатынын білмейміз. Өйткені финалдық сынды Крэнфилд университетінің мамандары өткізеді. Осы конкурстың ең қызық жері осы деп ойлаймыз.