Оқушыны өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды

0
775

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Оқушыны өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысын өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

2019 жылы 26 қаңтарда Шалқар ауылында екі мектеп оқушыларының арасында төбелес шыққан. Осы оқиға кезінде 2003 жылғы оқушының кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған, бір күннен соң ол ауруханада қаза тапты.

17 жастағы күдікті сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ, сот айыпталушыны қаза тапқан оқушының туыстарына 4,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.