Оқушының әкесі мұғалімнің жағын сындырды

0
1 511

Қазіргі уақытта мұғалімнің қысқа мерзімді есте сақтау мүмкіндігінен айырылғанын айтады.


Оқушының әкесі мұғалімнің жағын сындырды

ERNUR.KZ. Қостанайда Горький атындағы гимназияда 22 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін соққыға жыққан, - деп жазады tengrinews.

Гимназия директоры Ирина Шушпанованың айтуынша, сол күні оқушы қыздардың бірінің әкесі мектепте болған, сынып жетекшісімен қызының үлгерімі жайлы сөйлескен.

"Дене шынықтыру пәні мұғалімінің айтуынша, ол сабақта қызға бірнеше рет ескерту жасаған. Алайда қыз оны елемеген. Сол кезде ол әдепсіз сөз айтқан. Бұл балағат сөз емес, бірақ ар-намысқа тиеді. Әкесі мектепте жүргенін білген қыз барлығын айтып берген. Осы кезде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды спортзалдан сыныпқа алып келіп, өз жұмыс орнына бара жатқан. Сол жерде 2-сыныпта оқитын қыздың әкесі мұғалімнің атымен айғайлаған. Дәл сол мұғалім екенін білген ер адамды соққыға жыға бастаған. Оның жағын сындырған. Барлығы дәлізде болған, ешкім болмаған, бірақ осы жағдайдың барлығын оқушы қыз көріп тұрған", - деді Ирина Шушпанова.

Басылым мәліметінше, мұғалімді жедел жәрдем алып кеткен. Қазіргі уақытта ол қысқа мерзімді есте сақтау мүмкіндігінен айырылғанын айтады. Ал қыздың әкесі өзін кінәлі деп санамайтынын айтып отыр. Жәбірленуші мұғалім құқық қорғау органына жүгінген. Қыздың әкесі де ар-намысқа тиетін сөз айтқан үшін шағымданатын шығар. Видеокамералар соққыға жығу процесін түсіріп алған.