Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылды

0
723

Бұған қылмыс әрекетінің жоқтығы негіз болды.


Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы болған Олеся Кексельге қатысыты тергеу амалдары тоқтатылғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

"5 желтоқсанда бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексельдің сот алды тергеу амалдары тоқтатылды. Бұған негіз қылмыс әрекетінін жоқтығы болды. Тиісті тексерістер жүргізіліп, қазіргі таңда іс прокуратураға жіберілді", - деді министр.

Бұған дейін ІІМ Олеся Кекселге қатысты іс тоқтатылған жоқ екендігін айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, шенді әйел Олеся Кексель мен прокурор Бауыржан Ғаббасовқа қарсы кәсіпкер Ерлан Нәбиевтен арыз келіп түскен еді. Ол аталған азаматтарды тергеу кезінде қинаушылық әрекеттерге барды деп айыптаған еді.