Он адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

0
775

Марапат Алматы қаласы күні қарсаңында табысталды.


Он адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

ERNUR.KZ. Он адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласы күні қарсаңында мәслихаттың LXVII сессиясында келесі азаматтарға «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді:

Нина Әмірқызы Каюпова –Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігері, профессоры, бас ғылыми қызметкері

Шамша Көпбайқызы Беркімбаева –қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым экс-министрі

Роза Қуанышқызы Рымбаева –эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор

Досхан Қалиұлы Жолжақсынов –театр және кино актері

Болат Жәмитұлы Өтемұратов –мемлекет және қоғам қайраткері

Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов –А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реаниматология бөлімінің меңгерушісі

Қабдеш Жұмаділ –Қазақстанның халық жазушысы

Рахман Алшанұы Алшанов –Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Тұрарбек Мәжілұлы Асанов –мемлекет және қоғам қайраткері

Ахан Құсайынұлы Бижанов –Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.