Он айлық бала бактериялық инфекциядан көз жұмды

0
1 081

Қайғылы жағдай Оралдағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында орын алды.


Он айлық бала бактериялық инфекциядан көз жұмды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер 10 айлық сәбидің өмірін құтқару үшін барлығын жасағанын айтады, деп жазады elitar.kz.

"Күн сайын консилиумдар өткізіліп, телемедицина бойынша Республикалық Ана мен бала орталығы мамандарымен сырттай кеңес өткізілді, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар аурулары кафедрасының доценті мен күндізгі кеңес өткізілді. Алайда, өкінішке орай, баланы құтқару мүмкін болмады", — деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында менингококк инфекциясы өлімнің себебі болуы мүмкін деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды "Мой город"порталы.

Бактериялық инфекциялардың ерекшелігі - бактериялардың тіршілік ету процесінде және бактериялар өлгеннен кейін одан қабыну, уыттану және тіндердің зақымдануын тудыруы мүмкін токсиндер бөлінеді.