Он бес жасында тұрмысқа шыққан ақтаулық қыз мән-жайды айтып берді (видео)

0
1 989

Қыз үйіне қайтып оралуды ұят деп санаған.


Он бес жасында тұрмысқа шыққан ақтаулық қыз мән-жайды айтып берді (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда он бестегі жасөспірімдердің үйлену тойы өтті. Жігіт қызды алып қашқан. Ал қалыңдық үйге қайта оралу ұят болады деп шешкен, деп жазады sputniknews.kz.



Ақтаудағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр. Қыз бен жігіттің екеуі де колледжде оқиды.

"Біз екеуіміз де 2004 жылы тудық, он бес жастамыз. Ата-енеммен бірге Ақтауда тұрамын. Біз үш-төрт ай кездестік. Кейін үйленеміз деп шештік. Ата-анамыз басында, әрине, қарсы болды. Мені алып қашты. Қайтып келген қыз жаман дегендей және бір-бірімізді сүйгендіктен, қаламын деп шештім", - деп жазды қыз.


Қалыңдық үйлену тойының суреттерімен желідегі парақшасында бөлісті. Той осы жылдың шілде айында болған көрінеді. Желі қолданушылары мешітте неке қиылғанмен, ресми куәлік жоқ болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Маңғыстауда 13 жастағы қыз бен жігіт үйленді деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл мәлімет расталмады.

Қазақстанда тек 18 жастан бастап неке қиюға болады. Кейбір себептерге байланысты некені тіркеуші орган бұл шекті екі жылға төмендете алады. 18 жасқа толмағандар арасындағы неке ата-аналарының жазбаша түрдегі келісімімен ғана рұқсат етіледі.