"Оңай" картасы болмағаны үшін оқушыны соққыға жықты (видео)

0
596

​Қарағандыда автобус кондукторы жол ақысын төлемеген оқушыны жұлмалап тастады. Қоғамдық көліктегі жағдайды куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алған.


Автобустағы жанжалды полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқушының мойнынан қылқындырып, жұлмалап жатқан кондуктордың әрекеті ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Жолақысын төлемеген баланы ол осылай жазалағысы келген.

Оқушы "оңай" картасын ұмытып кетіпті. Ал ашуға мінген ер адам жолаушылардың ажыратқанына да бой бермейді.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!


Қазір бұл істі полиция тексеріп жатыр. 40 теңге үшін балаға күш көрсеткен кондуторға қатысты қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.

"Аталған бейнежазба полиция қызметкерлерімен зерделенді. Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушыларын және оның мән-жайын анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.