OneWeb компаниясы Байқоңырдан жерсерік ұшыруды тоқтатады

0
651

5 наурызда ғарышқа аттануы тиіс "Уан Веб" компаниясының жерсерігі Байқоңырдан ұшпайтын болды.


OneWeb компаниясы Байқоңырдан жерсерік ұшыруды тоқтатады

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның "Уан Веб" компаниясы Байқоңыр ғарыш айлағынан өз жерсеріктерін ұшыруды тоқтатады, деп жазады 24.kz.

Өткен аптада АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейдің ғарыш саласына санкция салынатынын мәлім еткен еді. Жауап ретінде "Роскосмос" басшысы Француз Гвианасындағы ғарыш айлағынан "Союз" зымырандарын ұшыруды тоқтатып, ондағы ресейлік мамандарды кері қайтару туралы шешім қабылдады.

Осылайша 5 наурызда ғарышқа аттануы тиіс "Уан Веб" компаниясының жерсерігі Байқоңырдан ұшпайтын болды.