Оңтүстік Корея билігі қашып жүрген қазақстандықты тапқан адамға 30 млн вон сыйақы тағайындады

0
622

Оңтүстік Кореяда қашып жүрген Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстау үшін сондағы билік 30 млн вон (10 млн теңгеден астам қаражат) сыйақы тағайындаған.


Оңтүстік Корея билігі қашып жүрген қазақстандықты тапқан адамға 30 млн вон сыйақы тағайындады

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде егжей-тегжейлі ақпаратты Корея жаңалықтары парақшасы таратты, деп жазады ulysmedia.kz.

Парақшаны жүргізетін азаматтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда қашып жүрген Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстау үшін сондағы билік 30 млн вон (10 млн теңгеден астам қаражат) сыйақы тағайындаған.

«Корея елінде жүрген отандастар! Нұрсұлтанға көмек беріп жатқан отандастар! Сіздердің құлақтарыңызға алтын сырға! Қазір ғана келген ақпарат: егер кімде-кім Нұрсұлтанға көмек беріп жатқан болса не болмаса оның жасырынған жерін біле тұра ақпарат бермей жатса, көмек беріп жатқан азаматтар да Корея елінен шығарылып, депортацияға ұшырайды. Үлкен айыппұл арқалайды. Сондықтан, Нұрсұлтанның жанындағы азаматтар қорықпай байланысқа шықсаңыздар болады. Сіздер туралы ақпарат ешқайда берілмейді», - дейді парақша иесі.

Еске сала кетсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны кеше хабарланған болатын. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халықаралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандастарымыз туралы мәлімдеме жасады.