Оңтүстік Кореяда Қазақстанның екі азаматы көз жұмды

0
592

Екеуі де жазатайым қаза тапты.


Оңтүстік Кореяда Қазақстанның екі азаматы көз жұмды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда Қазақстанның екі азаматы жазатайым жағдайдан қайтыс болды, деп хабарлайды "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Оның бірі ер адам болса, екіншісі әйел азамат.

Әйел адам сатыдан құлап мерт болған. Ал азамат зауытта биіктен тайып кеткен көрінеді.

Бұл мәліметтерді қазір Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандық адвокат жеткізді. Қорғаушының айтуынша, қайғылы жағдай туралы толық мағлұмат бүгін белгілі болмақ.