Оңтүстікте үсік жүреді

0
1 090

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі.


Оңтүстікте үсік жүреді

"Қазгидромет" орталығы мамандары 2020 жылғы 29 қыркүйек – 01 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклоны қалыптастырады.
Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, қиыр оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін.