​Оралда 12 жасар оқушы мектептен шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кетті

0
1 921

Санжарды көрген-білгендерден 8-775-672-32-75 немесе 102 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуын сұраймыз.


​Оралда 12 жасар оқушы мектептен шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Оқушы 24 желтоқсанда жоғалып кетіпті. Туысының сөзінше, оны мектепке анасы апарып жүрген, деп жазады Stan.kz.

«Оны соңғы рет мектептің жанынан көрген. Сабақтан шыққан екен. Қара түсті күрте, қара бас киім мен аяқ киім киген. Өзімен қызыл рюкзагы болған. Оны таңғы 6-ға дейін іздедік. Бейнебақылау камераларындағы жазбадан оның Достық даңғылының бойымен жүргені байқалады. Мұнан кейін із-түзсіз кеткен. Ол туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдардан хабарласуын сұраймыз. Полиция да іздестіріп жатыр», – дейді туысы.

Ал Санжар оқитын мектептегілер оның бірінші ауысымда оқитынын айтты.

«Сабақ сағат 13:30-да аяқталған. Санжар сыныптастарына үйірмеге баратынын айтыпты. Ол гитара тартуды үйрететін үйірмеге баратын. Мұнан кейін оны ешкім көрмеген.

Санжар – жақсы, тәртіпті оқушы. Ешқашан жаман әрекет жасаған емес. Мектеп әкімшілігі де оны іздестіріп жатыр. Бейнебақылау камераларындағы жазбаны қарап шықтық», – дейді мектептегілер.

Ал полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Ата-анасы Санжарды көрген-білгендерден 8-775-672-32-75 немесе 102 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.