Оралда Аллергология орталығы ашылды

0
1 186

Тұрғындар тиісті диагностикадан өту үшін көрші қалаларға барып әуре болмайды


Оралда Аллергология орталығы ашылды

ERNUR.KZ. Оралда Аллергология орталығы ашылды, деп жазады 24.kz.

Батыс Қазақстан облысында түрлі аллергияға шалдыққандардың қатары көбейіп барады. Мәселен, тек балаларды алсақ, жыл басында тыныс жолдарының демікпесімен 500 бала есепте тұрса, қазір ол көрсеткіш 550-ге жеткен. Ал поллинозбен ауыратындар 220-ға, аллергиялық дерматитке шалдыққандар саны 300-ге көбейген.

Енді түрлі аллергиясы бар науқастар бір жерден диагностикадан өтіп, білікті мамандардың жәрдеміне жүгіне алады. Облыстық аурухана жанынан ашылған Аллергология орталығында 50-ден астам аллергенді тексеріп, сырқат сырын тап басуға мүмкіндік бар. Бұрын тұрғындар тиісті диагностикадан өту үшін көрші қалаларға баратын еді.

Арман Байдеуов, облыстық аурухананың директоры: - Облыс бойынша аллергиямен ауыратын науқастар өте көп. Бірақ бұрын аллерголог бір медициналық мекемеде отырса, зертхана басқа мекемеде болатын еді. Енді біз қазір бір жерге жасап, аллергологиялық орталық аштық.