Оралда алып автошырша жағылды (видео)

0
1 363

Аяз Ата эстафетаны Қазақстанның басқа қалаларына тапсырды.


Оралда алып автошырша жағылды (видео)

ERNUR.KZ. Оралда 60-қа жуықа автожүргізушілер жиналып, жаңажылдық флешмоб ұйымдастырды, деп жазады tengrinews.kz.

Жүргізушілер қала сыртына шығып, көліктерінің шамдарын қосып, алып автошырша жаққан. Осының барлығы квадрокоптерге түсірілген. Соңында Аяз Ата эстафетаны Қазақстанның басқа қалаларына тапсырды. Ұйымдастырушылар Оралда бірнеше авто жүргізушілер қауымдастығы барын айтты.

Әлеуметтік желіде олардың топтары бар. Сонда белсенділер бір жерге жиналуды ақылдасқан. Таңдалған жердің өзінің де мәні бар - қаладан шыға берісте металл әріптерден жасалған "Орал" жазуы бар.

"Осындай "Автошырша" флешмобтары Ресейде және Қазақстанда ұйымдастырылады. Біз 60-қа жуық көлікті жинадық. Жүргізушілердің көбісі соңына дейін шыдай алмады. Осы әрекетіміз екі сағатқа созылды. Біз күн жарықта жиналдық, сосын күн батты. Тәжірибелі видеоператор квадрокоптерге түсіріп, роликті монтаждады", - дейді ұйымдастырушылардың бірі Виктор Кирсанов.