Оралда ер адам оқушы қызға шабуылдамақ болған: Оқиғаның мән-жайы (видео)

0
857

16 жастағы оқушы қызды зорламақ болған ер адамды полиция лейтенанты көрген.


Оралда ер адам оқушы қызға шабуылдамақ болған: Оқиғаның мән-жайы (видео)

ERNUR.KZ. Оралда оқушы қызға шабуыл жасамақ болған ер адамның ұсталуына қатысты деректер шықты, деп жазады тengrinews.kz.

16 жастағы оқушы қызды зорламақ болған ер адамды полиция лейтенанты Артур Кудусов көрген. Ол үйге түскі асқа бара жатқанда жылап жатқан қызды көрген.

"Артур бірден соңынан жүрді. Қыз сипаттап берген соң полицей оны бірден ұстаған. 52 жастағы ер адам жедел-тергеу тобына жеткізілді. Қыз ер адамды таныды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Күдіктінің сол аумақта тұратыны белгілі болды.