Оралда әйел заңсыз некедегі жолдасын пышақтап өлтірді

0
687

Ер адамның жасы 50-де болған.


Оралда әйел заңсыз некедегі жолдасын пышақтап өлтірді

ERNUR.KZ. Оралда әйел заңсыз некедегі жолдасын пышақтап өлтірген, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай 1 тамызда болған. Полицейлер екеуінің арасында жанжал шығып, нәтижесінде әйелдің ер адамға пышақ салғанын хабарлады. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

"50 жастағы ер адамның кеудесіне пышақ салған. Дәрігерлер оған бірден ота жасады, бірақ жарақаттары өте ауыр болды. Өкінішке қарай, ер адам 2 тамызда қайтыс болды", - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметінше, әйел ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.