Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр

0
486

21 жастағы жігіт үйінен шығып кетіп қайта оралмаған.


Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 жастағы Фархат Кәкимуллиев 21 желтоқсан күні шамамен сағат 22.00-де Деркөл кенті Б.Майлин көшесі 15-мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Содан үйіне оралмаған, жұмыс істемейді. Туыстары 24 желтоқсанға қараған түні полицияға арыз түсірген.

Белгілері – бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара пальто, қара баскиім (фуражка), сұр джинсы, аяғына қара түсті бәтеңке киген. Өзінде 8-706-820-20-01 нөмірлі ұялы телефоны болған.

«Көрген-білген адамдар болса, 102, 8-711-2-98-45-30 телефонына қоңырау шала алады», деп хабарлады ведомстводан.