Оралда қоқыс жәшігіне өлі сәбиді көпбалалы ана тастаған

0
1 112

31 жастағы келіншек бесінші сәбиін өлі туған.


Оралда қоқыс жәшігіне өлі сәбиді көпбалалы ана тастаған

ERNUR.KZ. Оралдықтар тасбауыр ананың қылығына шошып отыр. Көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылған. Шақалақтың мәйіті целлофанға оралып, спорттық сөмкеге салынған, деп жазады ktk.kz.

Сұмдық оқиға жайында тәртіп сақшыларына тұрғындардың бірі хабарлаған. Полицейлер келген бойда анасын іздеуге кіріседі. Ал шақалақтың шешесінің анықталуына қоқыс жәшігі маңынан табылған бір бума кілттің көмегі тиген. Осы төңіректегі әр пәтерге кілт сұғып көрген құзырлы орын өкілдері "көкек" ананың баспанасынан бір-ақ шыққан. Сөйтіп 31 жастағы төрт баланың анасы қолға түсті. Соңғысы бесінші перзенті болуы тиіс еді. Келіншектің айтуынша, сәбиін дәретханада босанған. Ол өлі туған соң мәйіттен құтылмақ болыпты. Қазір сөзінің рас-өтірігі анықталуда.

"Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 1988 жылы туған Орал қаласы тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға болған жерден сөмке, жамылғы, екі пакет және домофон кілті, аяқ киім табылды. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 100 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", дейді БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.